«Мамырда келген мерекем – ынтымақ, бірлік, берекем!» атты әдеби шаңырақ кеші өтті
Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай «Мамырда келген мерекем – ынтымақ, бірлік, берекем!» атты әдеби шаңырақ өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын насихаттау, көпұлтты қоғамдағы өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың бойына елжандылық пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Кеш барысында еліміздегі ұлттар достығы мен татулықтың маңызы дәріптеліп, рухани құндылықтарымыз ұлықталды.
Сонымен қатар, елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлері таныстырылып, мазмұнды әңгімелер айтылды. Өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, түрлі этнос өкілдерімен бір сахнада ынтымақ пен достықты насихаттайтын мазмұнды шығармашылық кеш болды. Іс-шара қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, мазмұнды сәттерімен есте қалды.