Судьялардың әдеп стандарттары қандай?
Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби біліктілігімен ғана емес, олардың әдеп нормаларын сақтау деңгейімен де тығыз байланысты. Судья – әділдіктің символы, сондықтан оның әрбір әрекеті мен мінез-құлқы қоғам алдында жоғары талаптарға сай болуы тиіс. Осы тұрғыда судьялардың әдеп стандарттары ерекше маңызға ие.
Судья әдебі – бұл судьяның қызметтік және қызметтен тыс уақытта ұстануы тиіс моральдық-этикалық қағидалар жиынтығы. Ол тек заң талаптарын орындаумен шектелмей, әділдік, адалдық, бейтараптық және тәуелсіздік сияқты құндылықтарды қамтиды. Судья әрқашан өз шешімін заңға және ішкі сеніміне сүйене отырып қабылдауы керек.
Бейтараптық – судья әдебінің негізгі қағидаларының бірі. Судья істі қарау барысында ешбір тарапқа артықшылық бермеуі тиіс. Оның шешімі тек дәлелдер мен заң нормаларға негізделуі қажет. Кез келген сыртқы ықпал, қысым немесе жеке мүдде сот төрелігінің әділдігіне нұқсан келтіреді. Тәуелсіздік те судья қызметінің ажырамас бөлігі. Судья өз қызметінде басқа билік тармақтарынан, лауазымды тұлғалардан немесе қоғамдық пікірден тәуелсіз болуы тиіс. Бұл қағида сот әділдігінің кепілі саналады.
Судьяның адалдығы мен парасаттылығы да маңызды. Судья парақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі керек. Оның өмір салты, қарым-қатынасы қоғамда күмән тудырмайтындай ашық әрі таза болуы қажет. Сонымен қатар судья өз мінезқұлқымен қоғамға үлгі болуға тиіс. Судья әдебі тек сот залында ғана емес, күнделікті өмірде де сақталуы керек. Қоғам судьядан жоғары мәдениет пен ұстамдылық күтеді. Оның сөзі, жүріс-тұрысы, тіпті әлеуметтік желідегі белсенділігі де сот беделіне әсер етеді.
Қорытындылап айтатын болсақ, судьялардың әдеп стандарттары – сот билігінің абыройы мен сенімінің негізі. Әдеп қағидаларын қатаң сақтау арқылы ғана судьялар қоғамның сеніміне ие болып, әділ сот төрелігін қамтамасыз ете алады. Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Осы бағытта қолданылатын құралдардың бірі – әкімшілік жаза. Көпшілік жағдайда жаза деген ұғым тек қана жазалау, қорқыту ретінде қабылданады.
Алайда әкімшілік жазаның шынайы мақсаты бұдан әлдеқайда терең – ол ең алдымен тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру.
Қамар ҮСЕМБАЕВА
Тараз қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы