Әлеумет

2 мыңға жуық оқушы бақ сынады

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев екінші рет ұйымдастырылған «Ой шебері» зияткерлік ойынының жүлдегерлерін марапаттады.

ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ «ОЙ ШЕБЕРІ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

 

«Ой шебері» – өңірде интеллектуалды орт аны қалыпт астыруға және білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған зияткерлік ойын. Өңір басшысы өз сөзінде бұл байқау балаларды шыңдап, ізденіске жетелеп, олардың тұлға болып қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті. Сондай-ақ жеңімпаздардың ұстаздары мен атааналарына алғыс білдірді.

Биылғы білім бәйгесінде 2 мыңға жуық оқушы бақ сынап, қазақ әдебиетінің 112 шығармасымен терең танысты. Қатысушылар ойын ережесіне сәйкес 5 адамнан құралған топтарда (4 оқушы, 1 жетекші) өзара сынға түсті.

Финалдық кезеңге Тараз қаласы мен аудандардан іріктелген 20 команда (76 білім алушы) жолдама алды. Зияткерлік ойынының қорытындысы бойынша І орынды Жамбыл ауданы Айша бибі орта мектебінің командасы иеленді. ІІ орын Т.Рысқұлов ауданы Болт ай батыр атындағы орта мектебінің оқушыларына бұйырды. Ал ІІІ орынды Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясы мен Сарысу ауданы Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының командалары өзара бөлісті.

Облыс әкімі жоғары нәтиже көрсеткен жүлдегерлер мен олардың жетекшілеріне MacBook, iPad және планшет секілді бағалы сыйлықтарды табыстап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі