Күләш Ахметованың 80 жылдығы: «Поэзия жауһары» атты жыр сандық кеші өтті
Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында қазақ поэзиясының «ақ гүлі», Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Жамбыл облысының құрметті азаматы, ақын Күләш Ахметованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия жауһары» атты жыр сандық кеші өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Іс-шараның мақсаты – ақынның бай поэзиялық мұрасын кеңінен таныстыру, оның шығармашылығы арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру және ұлттық әдеби мұраны насихаттау арқылы жас ұрпақты отансүйгіштікке, көркем сөз өнерін бағалауға тәрбиелеу.
Кеш барысында Күләш Ділдәқызының шығармашылық мұрасына арналған музыкалық экспозиция ұйымдастырылып, оның жүрекке жетер жырлары көркем мәнерде оқылды. Сондай-ақ, ақын сөзіне жазылған әндер орындалып, кештің мазмұнын аша түсті.
Еркін форматта өткен іс-шараға өңірдің бірақатар зиялы қауым өкілдері қатысып, ақынның шығармашылық жолы туралы тағылымды естеліктерімен бөлісті.
