Оқушыларға IT әлемінің есігі ашылды
Astana Hub экожүйесінің өңірлік орталығында Zhambyl Hub Тараз қаласындағы мамандандырылған әскери мектепинтернатының оқушыларына арналған Open Day іс-шарасы өтті.
Ашық есік күні барысында мектеп оқушылары Zhambyl Hub-тің қызметімен танысып, Astana Hub экожүйесінің мүмкіндіктері туралы жанжақты ақпарат алды. Сонымен қатар өңірдегі технологиялық кәсіпкерліктің даму бағыттары мен стартап бастау жолдары түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты цифрлық дағдыларды меңгеруге баулу, инновациялық ойлауды дамыту және болашақта өз жобаларын жүзеге асыруға ынталандыру.
Айта кету керек, Zhambyl Hub – облыста технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға, цифрлық сауаттылықты арттыруға және стартаптарды қолдауға бағытталған маңызды алаң. Орталық жас таланттарды анықтап, олардың өсуіне қолайлы орта қалыптастыруды көздейді.
Мақпал СҮЙІНБАЙ