Сахнада – тарих, жүректе – рух
Көне Тараз тарихи-этномәдени кешені аумағында «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі аясында гала-концерт ұйымдастырылды.
Кеш барысында ұлттық өнер мен заманауи мәдениет үйлесім тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Концерттік бағдарлама этно-музыка, дәстүрлі әндер, би және сән көрсетілімдерімен өрілді. Сахнада «Хас-Сақ» этно ансамблі, дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева, «Қоңыр» тобы және жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті. Сонымен қатар ASPARA Fashion жобасы аясында ұлттық киімдер көрсетілімі ұйымдастырылып, қазақ қолөнерінің сәндегі көрініс насихатталды.
Кеште «Ақкербез» би ансамблінің «Арман дала» биі, «Жамбыл» триосының әндері, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік туындылар орындалды. Фестиваль қонақтарына арнап халықаралық репертуардағы шығармалар да ұсынылды. Гала-концерт ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қолөнер мен өнердің сабақтастығын айқындаған маңызды мәдени ісшара ретінде көрініс тапты.
Мақпал СҮЙІНБАЙ