Әлеумет

Кітапхана жүйесіндегі жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялауына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Академиялық кітапханаларды дамытудағы заманауи трендтер» тақырыбында XIII Халықаралық ғылымитәжірибелік конференциясы өтті. Ұлттық кітап және кітапханашылар күніне арналған ХIII «Академиялық кітапханалардың дамуындағы заманауи үрдістер» атты конференцияның мақсаты – академиялық кітапханалар қызметін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және отандық әрі шетелдік мамандар арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Конференцияға еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен кітапхана басшылары, баспагерлер, ақпараттық ресурс өкілдері және шетелдік сарапшылар қатысты. 23 сәуір – Ұлттық кітап күні және кітапханашылар күніне орай тәжірибеге бағытталған ісшаралар, соның ішінде ИРБИС мектебі мен жасанды интеллект бойынша мастер-класстар, көрмелер жоспар бойынша өтті. Іс-шараның ашылуында сөз алған М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Еркінбаева конференцияға қатысушылар мен қонақтарды VIII халықаралық ғылымитәжірибелік конференцияның ашылуымен құттықтап,

Конференция аясында атақты дизайнер Кристиан Диордың музасы – қазақтан шыққан және әлемдік жоғары сән тарихында маңызды рөл атқарған Алла Ильчунның 100 жылдығына арналған «QAZAQ FASHION» кітабының тұсаукесері өткізілді. Кітап Францияда ағылшын және орыс тілдерінде басылып шыққан, таныстырылымға Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының төрағасы, автор Берлин Иришев және басқа да қонақтар қатысты.

Конференция «Кітапхананы автоматтандыру: цифрлық трансформация және технологиялық шешімдер», «Жасанды интеллек тін і енгізу жағдайында кітапхана коллекциялары мен электрондық ресурстарға қолжетімділік және дамыту», «Университет кітапханаларының ағымдағы мәселелері: дамуға арналған қиындықтар мен стратегиялық бағыттар» атты пленарлық сессиялармен жалғасты.

 

Арна ЖҰМАТАЙ