Соңғы үш жылда 73 сыбайлас жемқорлық мәселесі қаралған
Amanat партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл жөніндегі республикалық кеңестің облысымызда өткен көшпелі отырысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бойынша жұмыстың жағдайы және партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы талқыланды.
Кеңес отырысына Amanat партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров, облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, партияның облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров, Абзал Құспан, Нұрлан Әуесбаев және кеңес мүшелері қатысты. Жиынды ашқан кеңес төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің қоғамдағы әділдікті орнатуда маңызы зор екенін атап өтті.
Кеңесте облыс әкімі Ербол Қарашөкеев баяндама жас ап, өңірдің сыбайлас жемқорлықпен күресте атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Аймақ басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері әкімдіктер жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың тұрақты бақылауында екенін, өткен жылы «Төртінші Үлгілік базалық бағыт» шеңберінде 98 мекемеде ішкі т алдау жүргізілгенін, 58 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталып, оларды жою бойынша шаралар қабылданғанын атап өтті.
Сонымен қатар облыс әкімі өңірде Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы Өңірлік жол карт асының орындалуы тұрақты бақылауда екенін де жеткізді. Жол картасындағы 5 бағыттың 18 міндеті бойынша 103 көрс еткішке қол жеткізу карастырылған. Оның ішінде 2023-2025 жылдар аралығында міндеттелген 275 тармақтың 272-сі орындалған. Жиын барысында кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жай-күйіне талдау жасады. Оның айтуынша, 2024 жылдан күні бүгінге дейін барлығы 172 факті тіркелген. Сонымен қатар ол облыстық және қала-аудандық әкімдіктердің жанындағы ведомствоаралық комиссияның жұмысы ауқымды болғандықтан және барлық бағыттағы құқық бұзушылықтар қамтылғандықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері көбіне назардан тыс қалып жатқанын жеткізіп, жұмысты жүйелеу керектігін жеткізді.
Бұдан бөлек кеңес отырысында Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының орындалуына қатысты да деректер айтылды. Облыста биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарлы 74 ісшараның 14-і орындалса, 60-ы орындалу үстінде. Сондай-ақ жиында партияның «Ауыл аманаты» жобасына өзгерістер енгізіп, қала құрамына енген елді мекен тұрғындарына да несие беру бойынша ұсыныстар айтылды. Бұдан өзге, жер кезегінде тұрған азаматтарға жер уақтылы берілмей жатқаны туралы мәселе көтерілді. Ол бойынша қала әкімі Бақытжан Орынбеков қазіргі таңда Тараз қаласында 134 мыңнан астам адам кезекте тұрғанын тілге тиек етіп, жыл сайын 300- ден астам адамға жер беріліп жатқанын баяндады.
Жыл сайын кезекте тұрғандардың саны өсіп келе жатқанын айтқан қала басшысы жер кезегіне азаматтарды тұрғызуға шектеу қою туралы ұсынысын білдірді. Сол секілді ақылы автожолдан түсетін қаржыға өңірдегі күре жолдардың бойын жарықтандыру мәселесі де көтерілді. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасындағы Шу ауданы, Жайсан ауылындағы мектеп құрылысы мен Жамбыл ауданы, Қаратау ауылындағы жол жөндеу жұмыстары да кеңес назарына алынып, ол бойынша аудан әкімдері тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Десе де, бұл мәселе партия облыстық филиалының жіті назарында болмақ. Жиын қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдарының жұмысты күшейтуі керектігі сөз болып, алдағы уақытта жаңашыл талаппен жұмыс жүргізу қажеттілігі айтылды.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП