Қоғам

6 500 ағаш егілді: Жамбылдықтар «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

25 сәуір, сенбі күні елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

25 сәуір, сенбі күні елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен белсенді жастар телекөпір арқылы қосылып, «Денсаулық» саябағында ағаш көшеттерін отырғызды.

Акция барысында Президент сөз сөйлеп, екі жыл бұрын тағылымы мол, мән-мазмұны айрықша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы қолға алынғанын атап өтті.

Жамбыл облысында бұл күні «Таза Қазақстан» акциясына 12,2 мың тұрғын қатысып, 6 500-ге жуық ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде «Денсаулық» саябағында 500-ге жуық ағаш егілді.

Өңір басшысы акцияға белсенді қатысқан барша жамбылдықтарға, әсіресе жастарға ризашылығын білдірді.