Хабарландыру
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2026 жылғы 29 мамыры, жергілікті сағат 15:00- де, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, №78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекенжайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданаралық (облысішілік) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды. Конкурсқа мынадай маршруттың пакеті (маршруттар) шығарылады:
№ 1 лот «Б. Момышұлы ауылы – Тараз қаласы».
№ 2 лот «Тараз қаласы – Қордай ауылы».
3. Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
4. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
5. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 15 мамыры сағат 12:00-ге дейін.
6. 2026 жылдың 27 сәуірі сағат 16:00-де конкурстық Комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
Анықтама алу үшін телефоны: 8 (7262) 43-06-85