Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің өзегі
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде Т.Рысқұлов аудандық аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты тағылымы терең, мазмұны бай аудандық аналар форумы өтті.
Форумның мақсаты – қазақ қызына тән қайсарлық пен нәзіктікті, білім мен өнерді, ақыл мен парасатты, еңбексүйгіштік пен жан-жақты дамуды дәріптеу, ұлттық құндылықтарды ұлықтау болды. Тағылымды басқосуға аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, аудандық билер кеңе сінің төрағасы Серік Сәлімбаев, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Мангұтов, колледж директорының міндетін атқарушы Гүлмира Маханбетова, сондай-ақ колледждің ардагер ұстазы, аяулы ана Райхан Ташыбаева арнайы қатысып, өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара аясында мазмұнды концерттік бағдарлама ұсынылып, әжелер ансамблі әуелете ән шырқап, мың бұралған бишілер өнерлерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, аудандық «Данагөй асыл әжелер» ансамблінің өнерпаздары қазақ тарихында есімі алтын әріппен жазылған аналар мен арулардың бейнесін сомдап, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Форум барысында қазақ халқының мақтанышына айналған тұлғалардың өнегелі өмір жолына кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, Томирис ханшайым, Домалақ ана, Айша бибі, Зере, Ұлжан, Ұмай ана, Дина Нұрпейісова, Айғаным сынды тарихи тұлғалардың даналығы мен ержүректігі, олардың ұлт тәрбиесіндегі рөлі кеңінен насихатталды. Сонымен қатар колледждің зейнеткер ұстазы Райхан Ташыбаева қазақ қыздарының бойындағы батырлық , парасаттылық пен білімге құштарлық қасиеттер туралы мазмұнды баяндама жасап, жас ұрпаққа тағылымды ой тастады. Ұлттық құндылықт арды дәріптеу мақсатында арнайы пәндер оқытушысы Майра Рахманованың дизайнымен тігілген заманауи ұлттық киімдер топтамасы подиумда таныстырылып, дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімін көрсетті.
Бұл көрініс көрермендерге ерекше әсер сыйлап, қазақы нақыштың заманауи сәнмен үйлесетінін дәлелдеді. Форум аясында қыз тәрбиесі тақырыбында аналар арасында ашық пікір алаңы ұйымдастырылып, ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды. Пікір алмасу барысында қатысушылар тәжірибе бөлісіп, бүгінгі қоғамдағы қыз тәрбие сінің маңыздылығын айрықша атап өтті. Тағылымы мол жиынды аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алгөзова қорытындылап: «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің өзегі. Қыз бала – болашақ ана, отбасының ұйытқысы, қоғамның айнасы. Сондықтан оның бойына кішіпейілділік, инабаттылық, еңбекқорлық пен білімге құштарлық сияқты асыл қасиеттерді сіңіру – баршамызға ортақ міндет», – деп атап өтті.
Бұл форум – ұлттық рухты жаңғыртып, қазақ қызының мәртебесін асқақтатуға бағытт а лған маңызды әрі мазмұнды басқосу ретінде есте қалды.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Т.Рысқұлов ауданы