Білім

Бір шаңырақтағы ұлағатты ұстаздар

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, математика пәнінің мұғалімі Шархиябек Қаспақовты ұстаздық етуден жалықпаған нағыз маман деуге болады.

Мұрат Қаспақов әкесінің жолын қуып 1989 жылы Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебіне оқуға түсіп 1992 жылы аяқтаған. 1993-1997 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік университетінде математика-информатика пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім алған.

2006-2008 жылдары Тараз мемлекеттік университетінде оқып математика пәні мұғалімі магистрі атағын алды. 2006 жылдан бастап Б. Момышұлы атындағы №45-ші қазақ классикалық гимназиясында математика пәні мұғалімі болып қызметін атқарып келеді. Білікті маман математика пәні мұғалімдері арасында болып тұратын облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда жүлдегер атанды. Мұраттың шәкірттері де республикалық байқауларда жүлдегер атанып жүздеген оқушылары ҰБТда жоғары ұпай жинап білім грантының иегері болды.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Оқу ағарту Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жұбайы Майгүл Шойбекова И.В.Панфилов атындағы мектеп гимназиясында математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Бір шаңырақтың астында ауызбіршіліктері жарасып уыздай ұйып отырған математиктер әулетіне қажымас қайрат тілейміз.

 

Бейбіт БАЙСАРИЕВ

Зейнеткер

Т.Рысқұлов ауданы