Мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты жұмыс табыла ма?
Облыста әлеуметтік салаға ерекше мән берілуде. Соның ішінде мүгедектігі бар балалар да мемлекет қамқорлығына алынған. Облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтың айтуынша, өңірде 45,9 мың мүгедектігі бар азамат бар. Оның 6859-ы балалар. Бұл санаттағы балаларға өткен жылы облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты 9 медициналық-әлеуметтік мекеме тарапынан жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес 6 қызмет түрі бойынша 753 балаға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген.