Аймақ

500 сейсмикалық жаттығу ұйымдастырылды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Валихан Валиев Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» тақырыбымен өткен ауқымды ақпараттықнасихаттау іс-шараларының қорытындысымен бөлісті.

Атап айтқанда, азаматтық қорғаныс айлығы аясында облыстық білім басқармасының қолдауымен білім беру ұйымдарында төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілген интерактивті сабақтар мен кездесулер өткізілген. Сонымен қатар «Экологиялық төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керек?» тақырыбында ашық сабақтар мен конкурстар, конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер, спорттық эстафеталар ұйымдастырылып, оған 4 мыңға жуық оқушы қатысқан.

Қауіпті өндірістік нысандарда практикалық сабақтар өткізіліп, қауіпсіздік талаптары пысықталды. Департамент бөлімшелерінде оқушылар мен мұғалімдер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан «Ашық есік күнінде» оларға авариялық-құтқару техникалары мен жабдықтары таныстырылып, су тасқыны, өрт және химиялық заттардың төгілуі кезінде әрекет ету бойынша 2 мыңнан аса жадынамалар таратылды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП