Аймақ

Футбол алаңы ашылды

Қаламыздағы «Жастар» стадионы аумағында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Бұл – қала жастары үшін қуанышты жаңалық қана емес, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Жаңа алаң заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жасанды көгал төселіп, жарықтандыру жүйесі орнатылған. Бұдан былай жастар кешкі уақытта да еркін жаттығып, шағын турнирлер ұйымдастыра алады. Футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысты.

Мамандардың айтуынша, мұндай спорт нысандарының көбеюі футболға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, болашақ таланттарды анықт ауға да жол ашады. Жергілікті тұрғындар жаңа алаңның ашылуын қолдап, игі бастаманың жалғасын табарына сенім білдіруде.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА