Саясат

Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ

Өңірлер арасындағы ынтымақтастық, берік байланыс жыл санап жақсарып келеді. Бұған дейін әріптестік байланыс Қызылорда мен Жамбыл облысының арасында орнаған болса, биыл олардың қатарына Түркістан облысы қосылды. Сөйтіп, үш аймақ арасындағы Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының ынтымағы жаңа деңгейге көтерілген жайы бар.

Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының «Кәсіподақ үйі» ғимаратының мәжіліс залында үш өңір делегациясы бас қосты. Келелі жиынды жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков ашып, өңіраралық әріптестік байланыстың негізгі мақсатымен таныстырды.

Білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Қызылорда облыстық ұйымының төрағасы Гүлнәр Есқалиева өз сөзінде Жамбыл облыстық жергілікті кәсіподағымен арадағы әріптестік байланыс он жылдан бері жалғасып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Ал қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстықұйымының төрағасы Жандос Шайдулла тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылып отырған аймақаралық семинарға арнайы топ болып келіп отырғанын жеткізді.

Осыдан кейін білім және ғылым саласы қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, өңіраралық деңгейде өзара ынтымақтастықты арттыру мақсатында Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстық ұйымдның төрағалары меморандумға қол қойылды. Меморандум мақсат  – кәсіподақтық мүшелік пен қызметке алынған білім беру ұйымдарындағы сала қызметкерлерінің әлеуметтікэкономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау. Кәсіби білім-білігі мен мәртебесін арттыру, еңбек ұжымдарынды оңтайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, демалдыру мен сауықтыру, бос уақытын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде өзара тәжірибе алмасу, аймақаралық ынтымақтастықты нығайту.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ