Жәрдемі көп жәрмеңке
Тараз қаласында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бір ай бұрын басталған жәрмеңке «Жастар аллеясында» апта сайын тұрақты ұйымдастырылып келеді. Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Таңатаровтың айтуынша, бұл іс-шараға Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілген.