Басты жаңалық

Жас мамандар неге моноқалаларға жұмысқа барғысы келмейді?

2025 жылы еліміз бойынша жалпы 1326 ауылға қызметке барған жас дәрігер әлеуметтік көмек алды. Мемлекеттік көмектің арқасында 2025 жылы 417 жас маман оқуын бітіргеннен кейін лезде жұмысқа шыққан, өтемақымен қатар 500-ден астам жас дәрігерлер үймен қамтамасыз етілген.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров мемлекеттен өтемақы алатын дәрігерлер санатына моноқалаларды да кіргізу жөнінде мәселе көтерді. Оның себебі, көптеген тәжірибелі дәрігерлер материалдық стимул болғандықтан моноқалалардан ауылдарға жұмысқа кетуде.

Бүгінде Қазақастанда 20 моноқала бар, онда 1,4 миллион адам тұрады. Тәжірибелі дәрігерлердің кету тенденциясы барлық моноқалаларға тән процесс, ал бұл моноқалалардың басым көпшілігі ірі өнеркәсіп ошақтарының айналасында тұрғандықтан, халқының денсаулығы әрдайым білікті дәрігерлік бақылауды талап етеді. Сондықтан депутат мемлекеттен әлеуметтік өтемақы алатын елді мекендердің санатына моноқалаларды да кіргізу қажет деп есептейді.

ЖАСЫНА ҚАРАЙ ЕМЕС, ЕҢБЕК ӨТІЛІНЕ ҚАРАЙ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУДЫ ҰСЫНДЫ

Сенатор Амангелді Нұғманов өзінің депутаттық сауалында жасқа байланысты зейнетақы тағайындау үлгісінен еңбек өтіліне негізделген жүйеге кезеңкезеңімен көшуді ұсынды.

Ол адам жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үлгісінен еңбек өтіліне негізделген жүйеге кезеңкезеңімен көшуді қарастыруды орынды деп санайды. Бұл ретте азаматтарға осы шешім үшін экономикалық жауапкершілікті өзіне ала отырып, қажетті өтілге жеткеннен кейін зейнетке шығу сәтін дербес айқындау құқығы берілуі мүмкін.

СЕРГЕК КАМЕРАЛАРЫНЫҢ ӘСЕРІ БОЛМАЙ ТҰР

Сенатор Марат Қожаев  көліктің жылдамдығын бақылау жүйесін жетілдіру мәселесін көтерді. Оның айтуынша, бір жерде суретке түсірудің профилактикалық әсері болмай отыр, өйткені жүргізушілер жылдамдықты камералар алдында ғана уақытша төмендетуде. Осыған байланысты елді мекендерде орташажылдамдықты бақылауды енгізу, сондай-ақ ЖҚЕ жүйелі бұзушылықтарға жауапкершілік өсе беретін және санкцияны қатаңдату арқылы әрекет ету жүйесін жасау ұсынылады.

Сенатордың пікірінше, жол қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясат жекелеген эпизодтарды тіркеумен шектелмей, тәртіп бұзушылықтың жүйелілігін ескеруі тиіс. Әйтпесе, кешігудің құны адам өмірімен өлешене бермек.

Оралхан ДӘУІТ