Таразда түзеу мекемесінен босатылған Қырғыз елінің азаматы көші-қон полициясына тапсырылды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен Қырғыз елінің азаматы бостандыққа шықты.
47 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 73-бабына сәйкес, жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне айыппұлға ауыстырылуына байланысты босатылған. Ол Т.Рысқұлов аудандық сотының шешімі негізінде Қылмыстық Кодекстің 188-1 бабы 1-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Айта кетейік, егер ел ішінде жүрген шетел азаматтары заңға қайшы әрекет жасаса, оған заң бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мемлекет басшысының идеясымен қолға алынған «Заң мен тәртіп» қағидаты осы сөзбен мәндес әрі мағыналас. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай, «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды».