Арнаулы әлеуметтік қызметтер саласына 9,3 миллиард теңге бөлінген
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті XXXII сессиясында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің сапасы туралы мәселе қаралып, жиынды мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев жүргізіп отырды.
Сессияда облыс әкімінің орынбасары Айжан Есмағамбетова өңірдегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің сапасы туралы баяндама жасады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің жұмысына жүргізілген зерделеу нәтижесі бойынша облыстық мәслихат депутаты Фарида Жүнісова хабарлама жасап, салада шешімін күтіп тұрған бірқатар өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды. Сессияда депутаттар Жанат Бастаубаева, Оралхан Дәуіт, Жұмахан Тәнкебаев, Жанар Бүркітбаева, Ерұлан Мығзымбеков, Фарида Жүнісова өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын жолдады.
Сессия соңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өңірдің әлеуметтікэкономикалық дамуына қосқан үлесі және 15 наурыз күні өткен республикалық референдумды ұйымдастыруға белсене атсалысқаны үшін бір топ азаматтарға марапаттар табыс етті.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП