Экобокс мәселесіне әкімдер неге енжар қарап отыр?
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының өңірде жүзеге асырылу барысын талқылаған аппараттық кеңес өтті. Аймақ басшысы бастаманың маңызына тоқталып, тазалық мәселесі тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін ескертті.