Байқаудың облыстық кезеңі аяқталды
Ұлтымыздың сан ғасырлық рухани мұрасының бірі – бата беру дәстүрін жаңғырту және кеңінен насихаттау мақсатында «Ауыл» партиясының бастамасымен ұйымдастырылған «Батамен ел көгерер» республикалық батагөйлер байқауының облыс бойынша кезеңі қорытындыланды.
Қазақ халқының рухани құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бата дәстүрін дамыту және оның қоғамдағы тәрбиелік маңызын арттыруды мақсат тұтқан байқауға қатысушылардың жұмыстары «Ауыл» партиясының облыс бойынша өңірлік филиалы тарапынан қабылданып, жинақталды. Облыстық кезеңге өңірдің 10 ауданынан және Тараз қаласынан барлығы 18 қатысушы қатысып, 24 бата ұсынылды. Қатысушылардың қатарында 18 ер адам болды.
Қазылар алқасының шешімімен байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды Тараз қаласынан бақ сынаған Болат Төлеуішов иеленді. Жүлде қоры 100 мың теңге. Екінші орын жуалылық Сейітқазы Медетбековке бұйырды. Үшінші орынға тараздық тағы бір үміткер Нұрайдар Төленді табан тіреді. Бірінші және екінші орын иегерлеріне 70-50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді. Сонымен қатар байқауға белсенді қатысқаны үшін бірқатар азамат арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Ақерке БИҒАБЫЛ,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз университетінің 4-курс студенті.