Тазалық әр адамнан, әр үйден басталуы тиіс
Өткен сенбі күні Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде облыста сенбілік өтіп, 9 мыңнан астам ағаш көшеті егілді.
Облыста 9 мыңнан астам ағаш көшеті егілді
Облыс әкімі Тараз қаласына қарасты «Бәйтерек» шағынауданында бой көтеретін жаяу жүргіншілерге арналған аллея аумағына ағаш көшеттерін отырғызды. Бұл күні көне шаһардың әр аймағында 2 мың ағаш егілді.

Өңір басшысы сенбілікте аға буын өкілдері мен жастар табиғатқа деген жанашырлықтың мәнін іс жүзінде дәлелдегенін атап өтіп, тұрғындардың белсенділігін жоғары бағалады.

Айта кетейік, 2026 жылдың наурыз айынан басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбіліктерге 15,6 мың адам және 840 кәсіпорын мен мекеме қатысты. Осы шаралар барысында 29,6 мың жасыл желек отырғызылды, 1,1 мың шақырым көше жолдары, 318 шақырым арық жүйесі мен каналдар, сондай-ақ 68,8 мың шаршыметр саябақ пен сквер аумағының тазалығы қамтамасыз етіліп, 1,3 мың тонна күл-қоқыс шығарылды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.