Әлеумет

Мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді

Облыста мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру акциясы өтті. Іс-шара халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында ұйымдастырылды.

Акцияны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша департаменті өткізді.

Шараның мақсаты – халықты Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы кеңінен ақпараттандыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында департамент мамандары тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу жолдарын түсіндірді. Атап айтқанда, соттылықтың бар-жоғы туралы анықтама алу, архивтік құжаттар беру және Комитет ұсынатын өзге де қызметтер бойынша жан-жақты кеңес берілді. Сонымен қатар азаматтардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, қажетті құқықтық түсіндірмелер жасалды.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты нығайтуға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің облыс бойынша департаменті алдағы уақытта да халықты мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттандыру жұмыстарын жалғастырады.

Мадина МҰСАБАЙ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің

4 курс студенті