Құқық

Балық ресурстарының заңсыз айналымын алдын алу бойынша акция өтті

Жамбыл облысында балық ресурстарының айналымы заңсыз әрекеттің алдын алу бойынша акция өтті, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.

Құзырлы органның мәліметінше, Жамбыл облысында 130-дан астам балық шаруашылығы су айдыны бар және балық саласын дамытудың жоғары әлеуеті бар. Өңірлік даму бағдарламасы бойынша 2030 жылға дейін облыста тауарлық балық өндірісін сегіз мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар өңірде құны 2 млрд. теңгеге жуық 18 жаңа инвестициялық жоба іске асырылуда.

Балық аулаудың танымал орындары Сарыболдақ, Ақкөл, Темірбек, Билікөл, Терс-Ащыбұлақ, Сенгірбай және басқалары.

Сонымен қатар, соңғы 2 жылда өңірде балық ресурстарының заңсыз айналымы саласында 500-ге жуық құқық бұзушылық тіркелді, бұзушыларға қолданылған айыппұл сомасы 10 млн.теңгеден асты, 3 қылмыстық іс тіркелді.

Бұл саладағы ең көп таралған бұзушылықтар тыйым салынған құралдарды немесе балық аулау әдістерін, тыйым салынған мерзімдерде балық аулауды қолданудан көрінетін балық аулау ережелерін бұзу болып табылады. Осыған байланысты, браконьерліктің және балық ресурстарының заңсыз айналымының алдын алу бөлігінде заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында, оның ішінде акваөсіру субъектілері өңірде тақырыптық акция өткізді.

Акция шеңберінде уәкілетті және құқық қорғау органдары профилактикалық рейдтік іс-шаралар, халықпен және балық аулау әуесқойларымен кездесулер ұйымдастырды. Балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жауаптылық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға әуесқой балық аулау, тыйым салынған балық аулау құралдарын пайдалануға тыйым салу, рұқсат құжаттарын ресімдеу және квоталар алу тәртібін реттейтін буклеттер таратылып, нормалар түсіндірілді. Акцияға 200-ден астам балық пайдаланушылар мен әуесқойлар қатысты, олар мемлекеттік органдармен одан әрі ынтымақтастық туралы тілектерін білдірді