Бірлік пен руханият мерекесі
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көктемнің басты мейрамы – Наурыз мерекесіне арналған «Нұр себеле, Ұлыстың Ұлы күні» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Іс - шара барысында арнайы шақырылған қонақтар көпшілікті мерекемен құттықтап, ақ тілектерін білдірді. Кітапхана қызметкерлері қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі – тұсау кесер рәсімін көрсетті.
Сонымен қатар облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері «Сәукеле кигізу» дәстүрінен көрініс көрсетіп, ұлттық өнердің мән-маңызын айшықтай түсті.
Мерекелік кешке Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының мерзімді әскери қызметкерлері арнайы қатысып, ұлттық рухты дәріптеген мәдени іс-шараға өз үлестерін қосты. Сарбаздардың қатысуы – мерекенің мазмұнын айқын көрсетіп, әскери ұжымның қоғаммен тығыз байланысын тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ән мен күйге толы Наурыз кеші қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық дәстүр мен бірліктің қастерлі құндылығын насихаттады.