Жыл басынан бері 104 өрт оқиғасы тіркелген
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өңірдегі өрттен туындайтын қауіп-қатерлерді төмендету шаралары, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар және заңнамадағы өзгерістер туралы ақпаратпен бөлісті.
Департаменттің мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында 104 өрт тіркелген. Өрт салдарынан 2 адам түрлі жарақат алып, 1 адам қаза тапқан. Өрттен келген материалдық шығын шамамен 10 миллион 200 мың теңгені құрады. Өрттің негізгі себептері – электр сымдарының қысқа тұйықталуы, электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі және отты абайсыз пайдалану. Сонымен қатар өңірде профилактикалық жұмыстардың белсенді жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын үйлерде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатылған.
Брифингте департаменттің техникалық нормалау бөлімінің бас маманы Ербол Несіпбай Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы мағлұмат берді. Аталған өзгерістер адамдар жаппай жиналатын нысандарды пайдалануға беру кезінде олардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйке стігі туралы қорытынды алу тәртібіне қатысты.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП