Қазақша киінгендер көш бастады
Наурызнаманың онкүндігіндегі Ұлттық киім күнінде «Ұлттық киім трендте» атты ақция өткізілді. Онда екі бағыт бойынша Тараз қаласының орталық көшелерімен ұлттық нақышта киінген өнерпаздар жүріп өтті. Алғашқы бағытта «Март» ойынсауық орталығы, «Көне-Тараз» тарихиэтномәдени кешені қамтылды. Бұл топқа 40 шақты ұлттық киімдегі Тараз қаласының қолөнершілері қатысты.

Акция аясында келесі бағыт Қ.Рысқұлбеков саябағы, «ЦУМ-Алатау» әмбебап дүкені, «Жастар» аллеясы мен Т.Рысқұлов саябағы аралығында алуан әшекеймен сәнденген яғни, оюлы бешпет киінген қыз-келіншектер, ақ кимешекті әжелер, көздің жауын алар оюөрнекті тақия, шапан киген жігіттер әндетіп, көш бастады.
Қамар ҚАРАСАЕВА