Жастар арасында дәстүр дәріптелді
Әскери бағытта білім алып жүрген Бауыржан мектебінің оқушыларына негізінен ұл балаларға қатысты дәстүрлер мен көнерген салттар турасында кеңінен әңгімеленді. – Мерекелік кездесуде ер азаматқа тән тәрбиелік қағидалар мен бүгінгі күні ұмыт бола бастаған көне салт-дәстүрлер туралы да айтылды. Мұндағы мақсат – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың бойына қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сіңіру. Кездесу аясында «Руханият және тарихтану» орталығының үлкен залында қазақ тұрмысына қатысты ыдыс-аяқ пен тұрмыстық жабдықтардан, стендтік хабарламалар мен фотоқұжаттардан құралған, халқымыздың дәстүрлі өмірінен сыр шертетін көрме де ұйымдастырылды. Ке зде суде орталықтың дәстүр мен өнер бөлімінің меңгерушісі ретінде мен және аға ғылыми қызметкер Фарида Метерқұлова екеуіміз таныстырылым жасап, қазақ дәстүрлеріне шолу лекциясын жүргіздік. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру арқылы жастарға халқымыздың ұлттық құндылықтарынан мол мәлімет берілді, – дейді Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және т арихт ану » орталығының дәстүр мен өнер бөлімінің меңгерушісі Назым Қожамар. Осы күні түстен кейін мерекеге орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің сарбаздары да орталыққа арнайы келіп, жас сарбаздарға ұлттық салтдәстүрлер жайында таныстырылым жасалды.
Әскери бағытта білім алып жүрген Бауыржан мектебінің оқушыларына негізінен ұл балаларға қатысты дәстүрлер мен көнерген салттар турасында кеңінен әңгімеленді.
Осы күні түстен кейін мерекеге орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5513 әскери бөлімінің сарбаздары да орталыққа арнайы келіп, жас сарбаздарға ұлттық салтдәстүрлер жайында таныстырылым жасалды.