Неміс ұстаздың оразасы
Ұлты неміс болса да Юра Гаазе қазақша сөйлейді, қазақтың салт-дәстүрін ұстанады. Ол №28 Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте география пәнінің мұғалімі. Сабақты үш тілде де береді. Юра Владмирұлының рамазан айында аузы берік. Ораза ұстап жүргеніне үш жыл болыпты.
Ол оқушыларға білім беріп қана қоймай, қазақ тілін құрметтеудің жарқын үлгісін көрсетіп жүрген жан. Онымен сөйлесе қалсаңыз, қазақ тілін жатырқамай, табиғи әрі таза сөйлейтініне еріксіз сүйсінесіз. Кейде тіпті өзімізден артық сөйлейтіндей әсер қалдырады. Мақалдатып сөйлегенде қазақшасы кей қазақтың өзің шатастырады. Жүрегі қазақ деп соққан көгілдір көзді Юра салтдәстүр, әдет-ғұрып, жөнжоралғыға да мықты.
Шынында да, кейде өзіміз бағалай бермейтін құндылықтарды сырт көз бізге қайта е ске салатындай. Тілге деген құрмет, рухани тазалық, сабыр мен тәрбие – мұның бәрі оразаның мәнінде жатыр. Юраның мысалы бізге бір қарапайым шындықты ұқтырады: тілде, мәдениет те ұлтқа бөлінбейді. Оны құрметтеген адам ғана шынайы бағасын түсінеді. Осындай жандар көбейсе, қоғамдағы түсіністік те, бірлік те нығая түсер еді.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА