Құқық

Жас педагогке сенім арту керек

Облыстағы білім саласына жаңаша серпін беретін маңызды бастамалардың бірі жүзеге асты. Облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен GPA 3,33-тен жоғары нәтиже көрсетіп, конкурстық рәсімдерден өтпей жұмысқа қабылданған жас педагогтерді қолдауға арналған облыстық диалогтік алаң өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдарына жаңадан келген жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету, олардың жауапкершілігін арттыру және педагог мәртебесінің мәнін терең ұғындыру болды. Сонымен қатар жас ұстаздарға сенім білдіру арқылы олардың кәсіби дамуына жағдай жасау, әдістемелік бағыт-бағдар беру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру көзделді.

Диалогтік алаңға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков, білім саласының  адагерлері, тәжірибелі ұстаздар мен білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ жас педагогтер қатысты. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жас мамандарға арнап жүрекжарды лебізін білдіріп, ұстаздық жолдың жауапкершілігі мен маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде жас педагогтерге үздіксіз ізденіс пен кәсіби дамудың маңызын атап өтіп, әрбір ұстаздың шәкірт тәрбиелеудегі рөлі орасан зор екенін жеткізді. Сондай-ақ жас мамандарға адал еңбек етіп, білім мен тәрбие сапасына мән беру, заман талабына сай біліктілікті арттыру қажеттігін айтып, нақты бағыт-бағдар берді.

Іс-шара барысында 38 жылдық еңбек өтілі бар ардагер ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері Раушан Әбуова өз тәжірибесімен бөліссе, Тараз қаласындағы №48 орта мектептің директоры Бибігүл Есимова білім ордасындағы жас мамандармен жұмыс тәжірибесін ортаға салды. Ал жас педагогтер өз кезегінде мектеп өміріне бейімделу барысындағы алғашқы қадамдары мен алған әсерлерін бөлісті.

Кездесу барысында жас мамандардың білім беру жүйесіндегі орны мен рөлі, олардың құқықтары мен кәсіби міндеттері, сондай-ақ бейімделу кезеңіндегі қолдау тетіктері жан-жақты талқыланды. Ашық пікір алмасу форматында өткен жиында педагогтердің ұсыныстары тыңдалып, өзекті мәселелер ортаға салынды.

Диалогтік алаңның мазмұнды бөлігінің бірі кері байланыс сессиясы болды. «Бүгінгі алаңнан ең маңызды нәрсе – …» тақырыбы аясында жас мамандар өз ойларын білдіріп, кәсіби дамуға қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді. Бұл формат олардың пікірін еркін білдіруге мүмкіндік беріп, алаңның тиімділігін арттыра түсті. Жалпы, бұл баст ама – білім беру жүйесіне жоғары академиялық көрсеткіштері бар, білікті әрі ынталы жас мамандарды т артуға бағытталған маңызды қадам. GPA 3,33-тен жоғары нәтиже көрсеткен түлектерді қолдау – сапалы кадрлық әлеуетті қалыптастырудың және өңірдегі білім сапасын арттырудың тиімді тетігі.

Айта кетейік, диалогтік алаңға аудандық және қалалық оқу-әдістемелік кабинеттерінің басшылары, сондай-ақ 105 жас маман қатысып, жалпы саны 126 педагог қамтылды.

Облыс әкімдігінің білім басқармасы алдағы уақытта да жас педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасап, олардың әлеуетін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыра бермек.