Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.
Қоғам мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас көпшілік жағдайларда мемлекеттік қызметтерді тұтыну барысында орын алады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитыны белгілі, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болады.
Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылатындығы Сіздерге мәлім.
Өз кезегінде, Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.
Мәселен, азаматтардың өтініштері бойынша Департаментпен жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, оның қорытындылары бойынша екінші кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына әкеп соққан «Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұзақ уақыт бойы негізсіз болмауында көрсетілген бұзушылықтар анықталды.Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департамент тиісті ұсыну енгізіп, оны қарау нәтижесімен көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары жер учаскелеріне құқықтар беру туралы оң шешім қабылдаумен толық қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз Департаментке Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 8А мекенжайы немесе 8(7262) 438808, 438849 нөмірлері бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.
Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.
Қуат Мадиев
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары