Журналист Эльмира Мырза-Ғали "Құрмет" орденінің иегері атанды
Мемлекет басшысының Жарлығымен журналист, халық қалаулысы, «Анаға тағзым» КММ директоры Эльмира Мырзағали «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды aqjolgazet.k
Эльмира Иниятқызы 1980 жылы 12 қаңтарында Жамбыл облысында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2001-2002 жж. №45 гимназияда шешендік сөздер пәнінен мұғалім болып бастаған.
2002 жылы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ қазақ әдебиет кафедрасында оқытушы, 2005 жылы «Қазақстан РТРК» АК ЖОФ редактор, аға редактор қызметтерін атқарған.
2006-2012 жылдары «Жамбыл-Тараз» газетінің редакторы, 2012-2021 жылдары «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС-нің директоры қызметін атқарды. 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін «Анаға тағзым» КММ директоры.
Осы ретте "Aq jol" редакциясы атынан әріптесімізді мерейлі марапатымен құттықтай отырып, толайым шығармашылық табыс тілейміз.