Жамбылдық жолшылар ұлттық киімді ұлықтады
Бүгін, 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл күн ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды ұлықтайтын ерекше сәт.
Жалпы, ұлттық киімнің көркемдігі мен қайталанбас өрнектері халықтың рухани байлығын бейнелеп, өнердің осы саласынан шабыт алуға мол мүмкіндік береді.
«Наурызнама» онкүндігінің бесінші күнін «Жол активтерінің сапасының ұлттық орталығы» Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері айрықша сән-салтанатымен атап өтті. Айтулы күнде ұлттық нақыштағы киім киіп, ерекше әсерге бөленген жолшылар бұл күн ұлтымыздың бет-бейнесіне сән беретін киім үлгілеріне деген құрметіміздің жарқын көрінісі екенін жеткізді