Мың айдан да қайырлы Қадір түні
Жыл он екі айдың ішінде адам баласының рухани өміріне, жүрегіне, тіпті тағдырына тікелей әсер ететін бір ғана түн бар. Ол – барша мұсылман жұртшылығы асыға күтетін Қадір түні. Халықтың оны «түндердің сұлтаны» деп атауы бекер емес. Бұл – көктің есігі айқара ашылып, Алланың рақымы төгілетін, періштелер жер бетіне түсетін, бір ғана түннің сауабы тұтас бір ғұмырға теңесетін айрықша қасиетті мезет.
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын
Қадір сөзі араб тілінде бірнеше мағынаны қамтиды.
Біріншіден, ол – құрмет, биіктік. Демек, бұл түн Алланың алдында ең мәртебелі.
Екіншіден, «қадір» – тағдыр деген мағынаны білдіреді. Дәл осы түні әрбір пенденің келер жылдағы несібесі мен жазмышы бекітіледі. Алла тағала бұл жайлы Құранда Духан сүресінің 4-аятында әрбір түні Сол» «ٍميِكَح ٍرْمَأ ُّلُك ُقَرْفُي اَهيِف» хикметті іс нақтыланып жазылады» – деп баяндайды.
Үшіншіден, «қадір» – тарылу, яғни бұл түні періштелердің көптігінен жер беті тарылады.
Төртіншіден, ол – кешірім мен дәреже. Қадір түні тәубе еткен пенденің күнәсі кешіріліп, рухани дәрежесі көтеріледі. Қадір – жай ғана сөз емес. Оның астарында терең мағына бар. Қадір – құрмет, биіктік. Демек, бұл түн Алланың алдында ең мәртебелі түн. Қадір – тағдыр. Яғни, осы түні келер жылдағы әр пенденің несібесі, қуанышы мен сынағы жазылады. Қадір – тарылу. Періштелердің көптігінен жер беті тарылады. Қадір – кешірім мен дәреже. Осы түні тәубе еткеннің күнәсі өшіріліп, дәрежесі көтеріледі.
Қадір түнінің ұлылығы Құранда арнайы Қадр сүресінің 1–3 аяттарында ِرْدَقْلا ِةَلْيَل يِف ُهاَنْلَزنَأ اَّنِإ» ِرْدَقْلا ُةَلْيَل اَم َكاَرْدَأ اَمَو Расында» – «ٍرْهَش ِفْلَأ ْنِّم ٌرْيَخ ِرْدَقْلا ُةَلْيَل Біз Құранды Қадір түнінде түсірдік. Қадір түнінің не екенін қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да қайырлы» деп айрықша атап көрсетілген. Бір ғана түнге осыншама мағына сыйып тұрса, оның ұлылығы қандай екенін жүрекпен сезінуге болады. Бұл – шамамен 83 жылға тең сауап деген сөз.
Ойлаңызшы, адам баласына бір ғана түнде тұтас бір ғұмырдың сауабы ұсынылып отыр. Бір түнде өткен өмірінің күнәларын жуып, бір түнде болашағына нұрлы тағдыр тілеуге, бір түнде жүрегін қайта түзеуге мүмкіндік беріледі. Жылдар бойы жинай алмайтын сауапты Алла бір түнге сыйдырып отыр. Бұл – Раббымыздың пендесіне деген шексіз мейірімі мен рақымының айқын көрінісі. Ойлап көріңізші, адам бір түнде – кешегі қателігін жуып, бір түнде – болашақ өміріне жаңа парақ ашып, бір түнде – жүрегін тазалап, бір түнде – Алланың рақымына бөлене алады.
Сондай-ақ дәл осы түнде Құран түсе - ِرْدَقْلا ِةَلْيَل يِف ُهاَنْلَزنَأ اَّنِإ :бастады «Расында Біз Құранды Қадір түнінде түсірдік». Яғни Пайғамбарымызға صلى الله عليه وسلم уахи келуі, пайғамбарлық міндет жүктелуі осы қасиетті түннен бастау алды. Бұл түннің тағы бір ерекшелігі – жер бетіне періштелер мен Жәбірейіл ُحوُّرلاَو ُةَكِئاَلَمْلا ُلَّزَنَت » .түсуі періштенің اَهيِف періштелер түні Ол» – «ٍرْمَأ ِّلُك نِّم مِهِّبَر ِنْذِإِب мен Рух (Жәбірейіл) Раббыларының рұқсатымен әрбір істі жүзеге асыру үшін жерге түседі» делінеді Қадр сүресінің 4-аятында. Сондықтан бұл түн – жай ғана ұйықтамай шығатын түн емес. Бұл – өз тағдырыңмен бетпе-бет қалатын түн.
Қадір түні–кешірім түні . ِرْدَقْلا َةَلْيَل َماَق ْنَم » :صلى الله عليه وسلم Пайғамбарымыз اًباَسِتْحاَو اًناَميِإ Қадір Кім» – «ِهِبْنَذ ْنِم َمَّدَقَت اَم ُهَل َرِفُغ түнін иманмен және Алладан сауап үміт етіп өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бухари, Мүслім), – деген. يِف ِرْدَقْلا َةَلْيَل اْوَّرَحَت» صلى الله عليه وسلم Пайғамбарымыз түнін Қадір» – «ِرِخاَوَأْلا ِرْشَعْلا َنِم ِرْتِوْلا соңғы он түннің тақ түндерінен іздеңдер» (Бухари) деп Қадір түнін Рамазанның соңғы он түнінің тақ түндерінен іздеуді өсиет еткен. Ғалымдардың басым бөлігі 27-түнге ерекше мән береді. Биыл қадір түні наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түні болуы ықтимал деген ниетпен мешітте іс-шаралар атқарылмақ. Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде Тарауық намазының алдында, ортасында және намаздан кейін де көптің көкейін мазалаған тақырыптарда мардымды уағыздар айтылды.
Тарауық намазында оқылып жатқан Құран хатым дұғасы жасалды. Сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып, жамағаттың білімін сынап, сыйлықтар табыстауға мешіт ұжымы ерекше дайындалды. Нәпіл намаздар: тәһажуд, тасбих намаздары түсіндіріледі. Сәресі асы таратылып, таң намазынан соң бір-ақ тарқасу жоспарланды. Қадір түні жай ғана ұйықтамай шығатын түн емес. Бұл – пенденің Алламен байланысын жаңғыртып, жүрегін тазартып, тағдырын дұғамен түзейтін ұлы мүмкіндік. Осы түні тәубе ету, Құран оқу, зікір айту, өзіне, отбасына, еліне дұға жасау – ең сауапты амалдар. Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздан صلى الله عليه وسلم осы түнге лайық дұғаны сұрағанда, Ол: – «ينع ُفعاف وفعلا بحت وفع كنإ مهللا» «Уа, Алла! Сен кешіресің, кешіруді жақсы көресің, мені кешіре гөр», – деп үйреткен. Қадір түні – Алланың рақымы ең көп төгілетін, жүрек пен тағдыр түйісетін қасиетті түн.
Оны шынайы құлшылықпен өткізген адам өз өміріне жаңа рухани бет ашады. Қадір түні – Алланың пендесіне ең жақын болатын сәті. Жүрек сол түні шын жыласа, тағдыр сол түні шын өзгереді. Алла тағала баршамызды Қадір түнінің қадірін білетін, оның шапағатына бөленетін құлдарынан етсін. Дұғамызды қабыл, тағдырымызды қайырлы, жүрегімізді таза қылсын. Әмин.
Асқар ЗӘКІРЖАНҰЛЫ
ҚМДБ-ның облыс бойынша бас имамы