Әлеуметтік оңалту орталығында қайырымдылық кеш өтті
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығында «Әлеуметтік әділеттілік – қоғам дамуының кепілі» атты қайырымдылық кешін ұйымдастырды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Кештің басты мақсаты – қоғамда ізгілік пен адамгершілік құндылықтарын дәріптеу, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ мейірім мен қолдаудың маңызын кеңінен насихаттау.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері әсем ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, рухани әсерге бөледі. Жылы атмосфераға толы кеш қатысушылардың жүрегіне ерекше әсер қалдырып, ізгілік пен жанашырлықтың мәнін тағы бір мәрте айқындай түсті.
