Тазалық – денсаулық кепілі
Туберкулез – ежелден келе жатқан қабынбалы өкпе мен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы аурулардың және әлемде көп таралған инфекциялардың бірі.
Ол тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен ми қабығы, тері, көз бен басқа да ағзаларды ауру қоздырғыш вирустар зақымдайды. Ауру жұқтырудың басты көзі – туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада таралып, шаңмен бірге еденге, затқа қонады да, көптеген жылдар бойы тіршілік ете беретін сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі.
Туберкулезбен адамдар ғана емес, жануарлар: сиыр, ешкі, бұлан, бұғы, түйе де ауырады. Ауру малдың сүті немесе еті де адам үшін қауіпті. Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып саналады. Өкпе туберкулезі тұқым қуаламайды.
Туберкулезбен ауыратын адамдардың балалары сау болып туылады. Дегенмен, барлық сақтық шаралары сақталмаған жағдайда бала туберкулез жұқтырып алуы мүмкін. Туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз, ұзақ қарым-қатынаста болу (нәрестелер үшін аздаған уақыттың өзі жеткілікті) қауіпті.
Туберкулезді анықтау үшін:
1. Балаларға Манту сынамасын жасау арқылы ауру жұқтырғанжұқтырмағанын.
2. Рентгенологиялық (флюорография) тексеру өкпенің зақымдалғанын.
3. Қақырықты зертханалық жолмен зерттеу жөтелгенде бөлінетін микробтардың болуын анықтайды. Туберкулезді қандай жолмен алдын алуға болады?
• Балаларды Кальметта Герен бацилласымен (БЦЖ) туберкулезге қарсы егу.
• Туберкулезді уақытында анықтау, ол үшін халықты (жасөспірімдер мен ересектер) жыл сайын флюорографиялық тексеруден өткізу. Салауатты өмір салты:
– Толыққанды, дәрумендерге бай тағамды тұтыну, жеткілікті және уақытылы ұйықтау, жыл мезгілдеріне қарамастан, таза ауаға көп шығу қажет.
– Жеке тазалық ережесін сақтау: қолды, ыдысты тазартқыш құралдарын пайдалану арқылы жуу, бөлмені жиі желдету, ет пен сүт тағамдарын міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу, гигиеналық дербес құралдар мен ыдысты қолдану, сумен құйыну. Туберкулез – бұл барлық қоғамның өзекті мәселесі, оның таралуын білетін әрбір адам өзінің білімін күнделікті өмірде қолдана отырып тоқтата алады.
Рита АЛТЫНБАСОВА
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.
Байзақ ауданы