Жамбылдық ғасыр құрдасы референдумға қатысты
Тараз қаласының 101 жастағы тұрғыны Разия Әділова республикалық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Қаладағы №42 референдум учаскесінің комиссия мүшелері Разия Әділованың өтініші негізінде оның үйіне арнайы барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырды.
Ғасыр жасаған кейуана ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанға қатысып, азаматтық белсенділігін көрсетті.
Кейуана елдің тұрақтылығы мен дамуы әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарды референдумға қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.
Айта кетейік, денсаулығына немесе жасына байланысты учаскеге бара алмайтын азаматтар үшін заңға сәйкес үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.