Саясат

Референдум: Драматург Елен Әлімжан жалпыұлттық бастамаға қолдау білдірді

Белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Елен Әлімжан Тараз қаласындағы №58 сайлау учаскесі келіп, жалпыұлттық референдумда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Қаламгер ел өміріндегі маңызды саяси оқиғадан шет қалмай, азаматтық парызын орындаудың маңыздылығын атап өтті.

Қаламгердің айтуынша, халықтың белсенділігі қоғамдағы бірлік пен жауапкершіліктің айқын белгісі. Сондықтан әрбір азамат ел дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте өз дауысын беріп, ортақ іске үлес қосуы тиіс.

Айта кету керек, сайлау учаскесінде 1772 адам тіркелсе, таңнан бері 442 адам өз таңдауын жасаған.