Таразда ҚАЖ мекемесінде Көрісу күні атап өтілді
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді.
Шығыс халықтары тойлайтын осынау мерекені жабық мекемедегі жазасын өтеушілер де атап өтуде. Дәлірек айтқанда, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде сотты болған азаматтар арасында мерекеге орай шығармашылық жарыс ұйымдастырылып, арнайы контингент өкілдері бояу арқылы өмірдің арайлы сәттерін бейнелеуге күш салды. Олар өз туындыларында бағалай білген жанға бес күндік жалғанның әр сәті қайталанбас қуаныш екенін паш етуге тырысқан.
Сабыр БОЛАТ