Әдебиет

Ақын Серік Томановтың шығармашылық мұрасы ұлықталды

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, ақын Серік Томановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Арылмас мұңым бар менің...» атты әдеби-сазды еске алу кеші өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Кештің басты мақсаты – ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін дәріптеу және жас ұрпаққа рухани құндылықтарды таныстыру.

Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, оның туған жерге деген сүйіспеншілік, адамгершілік пен ұлттық рух тақырыбындағы жырлары кеңінен насихатталды. Сондай-ақ ақын өлеңдері оқылып, оның сөзіне жазылған әндер орындалды.

Әдеби-сазды кеште мәдениет саласының майталмандары мен өнерпаздар өнер көрсетіп, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Серік Томанов поэзиясы – ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін асыл мұра. Тағылымды кеш барысында ақын шығармашылығы кеңінен насихатталып, оның жырлары оқырман жүрегінде мәңгілік сақталатыны тағы бір мәрте айқындалды.