Таразда полицейлер гауһар тасты әшекейлер ұрлығын жедел ашты
Тараз қаласының тұрғыны Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаевтың атына алғыс хат жолдап, пәтер ұрлығын жедел ашып, ұрланған зергерлік бұйымдарын қайтарып берген полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Жәбірленушінің айтуынша, оның пәтерінен 11 алтын әшекей бұйымы, оның ішінде гауһар тастары бар қымбат бағалы зергерлік заттар қолды болған.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп, пәтер ұрлығын жасады деген күдіктінің жеке басын ізін суытпай анықтады. Күдіктінің Алматы қаласында жасырынып жүргені белгілі болған.
Тәртіп сақшыларының жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде күдікті ұсталып, ұрланған зергерлік бұйымдардың барлығы табылып, заңды иесіне қайтарылды.
Алғыс хатында ол тергеуші Жақсылық Нұркеннің, жедел уәкіл Асхат Иманәлиевтің және Тараз қаласы полиция басқармасы Әулие-Ата аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Асылбек Әбдірайымовтың кәсібилігін ерекше атап өтті.