Инвестиция - өңір дамуының кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа инвестициялық кезеңді бастау міндетін айқындап берді. Аталған стратегиялық бағдар – экономиканы сапалы өсімге шығарып, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды көздейді. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық даму басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың сөзінше, аймақта инвестициялық саясат нақты нәтижелермен бекемделіп келеді. Соңғы үш жылдың ішінде өңір экономикасына 1,8 триллион теңгеге жуық қаржы тартылған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 764,5 миллиард теңгені құрап, 38,8 пайыздық өсім қамтамасыз етілді.