№5 Модуль «Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?»
Референдум
2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз учаскесін келесі тәсілдер бойынша таба алады:
1. Egov mobile, екінші деңгейлі банктер (Kaspi Bank, Halyk Bank) және байланыс операторларының SMS-хабарламалары сияқты ресми дереккөздерден жіберілетін сілтемелер арқылы немесе төменде жарияланған QR-кодты сканерлеу арқылы азаматтар сайттың арнайы бөліміне өтіп, онда ЖСН енгізу арқылы өз референдум учаскесін анықтай алады.
2. Тұрғылықты жері бойынша тиісті елді мекен әкімдігінің Сall-орталығына хабарласып, дауыс беру учаскесі туралы ақпаратты нақтылауға болады.
Callорталықтардың нөмірлері әкімдіктердің интернет ресурстарында қолжетімді. Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды!
Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы