Саясат

Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Референдум

Облыстық ардагерлер ұйымының үндеуі

Біз, облыстық ардагерлер ұйымының мүшелері, ел тағдырына бейжай қарамайтын аға буын өкілдері ретінде баршаңызды алдағы жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырамыз.

Қадірлі жерлестер!

Тәуелсіз еліміздің қалыптасу жолында біз талай қиындықтарды бастан өткердік, елдің өсіп-өркендеуі үшін аянбай еңбек еттік. Бүгінгі ұрпақтың бейбіт, тұрақты мемлекетте өмір сүріп жатқанын көру – біздің ең үлкен қуанышымыз. Алдағы референдум – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды тарихи қадам. Жаңа Конституцияның қабылдануы мемлекетіміздегі әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтып, халықтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды шешімдердің бірі болмақ.

Құрметті ардагерлер!

Біз әрқашан ел бірлігін, қоғамдық келісімді және тұрақтылықты сақтаудың үлгісі болып келеміз. Сондықтан да осы жауапты кезеңде әрқайсымыз азаматтық белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауымызды жасауымыз қажет. Дауыс беру–әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі мен парызы. Баршаңызды 15 наурыз күні өтетін референдумға ұйымдасқан түрде қатысып, еліміздің болашағына бейжай қарамайтындығымызды көрсетейік! Бірлігіміз бекем, еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Облыстық ардагерлер ұйымы.

 

Облыстық ардагерлер ұйымы