Жаңалықтар

101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді

Күн жылып, жердің тоңы жібіген кезде басталатын көктемгі дала жұмыстарына дайындық облысымызда қызу жүріп жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Төлебек Құлекеевтің айтуынша, биыл егістік көлемін 623,3 мың гектарға орналастыру жоспарланған.

Оның ішінде тиісті гектарларға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп, көкөніс-бақша дақылдары және мал азығы дақылдары орналастырылатын болады. Жамбыл облысы аграрлық аймақ болғандықтан, мемлекет қолдауының нәтижесінде өңірде жыл сайын егістік көлемін арттыруға мүмкіндік туып отыр.

Өткен жылғы күзгі науқан ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес жүргізілі , 200, 3 мың гектар алқаптан жаздық дәнге дайындық жұмыстары жасалды, 145,1 мың гектарға күздік с ебілді. 2026 жылғы көктемде 325 мың гектарға жаздық дақылдар себілмек. Қажетті тұқымның 93 пайызы, яғни 58 мың тонна дайындалған, бұл шаруашылықтар дайындығының жоғары екенін көрсетеді.

Бүгінгі күні машинатрактор паркін жүйелі жаңарту жұмыстары жалғасуда. Облыста биыл өздігінен жүретін техниканы жаңарту деңгейі 8 пайызға жеткізілмек, бұл 476 жаңа техника деген сөз. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға және егіс жұмыстарын жүргізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ