Сыйлық алмадым деп сыйластыққа сызат түсіріп алмаңыз...
Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде 8 наурыз мерекесінен кейін ерекше бір жағдай байқалады. Қыз-келіншектердің бірі қымбат гүлдер мен сыйлықтарын көрсетіп мақтанып жатса, енді бірі «маған гүл де, сыйлық та бермеді» деп, жер тоқпақтап ренішін ашық жазуда. Тіпті кейбір жазбаларда «осы үшін ажырасамын» деген пікірлер де кездеседі. Бұл нені білдіреді? Расында құндылықтар өзгеріп кетті ме?
8 наурыз мереке сі әр үйде әрқилы өтті. Аяулы аналардың, асыл жеңгелердің, сұлу жар мен әдемі қыздардың мерекесі кейбір шаңырақта ұрыс-керіспен өткендей... Олай дейтініміз, кеше ғана Threads әлеуметтік желісінде Narim kaб деген лақап атпен бір келіншектің жазбасында «8 жылдық отбасының халі осы. Ай, еркектер-ай!
Ешкім ешкімге міндетті емес, бірақ көңіл деген нәрсе бар ғой...» деп, жұбайы екеуінің бір-біріне жазған көңіл қалдырарлық смс-терін салды. Бір бұл ғана емес, жас келіншектердің біразы жұбайларынан сыйлық алмағандығын жазып, арты ажырасуға дейін барғандығын алдыға тартты. Тіпті «тым құрыса бір гүл алмадым» деп жылап отырған суреттерін жүктегендер де көп. Пікірлер тіптен асыпт асып жатыр. Сөйтсек, әкелерінен, күйеулерінен, жалпы ер азамат тарапынан гүл алмаған, сияпат көрмеген қыз-келіншектер көп болып шықты. Мақаланы жазуға осы мәселе түрткі болды. Мереке, әрине, жақсы. Десе де сыйлық бермегені үшін тәп-тәуір отбасыны бұзу қаншалықты дұрыс?!.
Айдың, күннің аманында, соғыссыз заманда балаларыңды тірі жетім ету – ауыр күнә. Қазіргі заман құндылықт ардың ауысқан дәуірі десек те болады. Мерекеге бола гүл бермеді, сыйлық сыйламады деп бұлдану, ашулану, тіпті ұрыс іздеп ажырасу – ақымақтық. Осы орайда жасы егде тартқан көрші Жұмаш әжемен сөйлестім. Мәселенің мәнісін естіп әже былай деді:
Мақалаға тұздық болсын деп психолог Марал Хантөремен де сөйлестік.
Иә, шынында сыйлық маңызды емес, көңіл маңызды. Мереке күні әйелдерді қуанту үшін ыстық тамақ әзірлей салу, тіпті ыдыс жуа салу да жұбайыңызды қуантары анық. Осының өзі үлкен сыйлық емес пе? Балаларды алып қалып, әйеліңізді құрбыларымен шай ішуге жіберудің өзі – үлкен сыйлық. Сондықтан «Көңіл бір атым насыбайдан қалады» деп қазақ бекерге айтпаған болар. Жылы сөз айту, құшақтау, қошеметтеу де ақша талап етпейтін сыйлықтың бір түрі. Бір-бірлеріңіздің көңілдеріңізді кірлетпеңіздер!
8 наурыз – жарысу күні емес, әйелге құрмет көрсететін күн. Біреудің үлкен гүл шоғы, біреудің шағын раушаны болуы мүмкін. Ең басты сыйлық – отбасының амандығы мен жақындарының жылы бір ауыз сөзі. Сондықтан әлеуметтік желідегі көріністерге қарап өмірді өлшеу – жаңсақ түсінік. Шынайы бақыт көбіне жарияланбайды, ол отбасының ішінде, қарапайым күндердің өзінде өмір сүріп жатады.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА