Саясат

«Есептен шығару куәлігі»

Құрметті референдумға қатысушы азаматтар!

Құрметті референдумға қатысушы азаматтар!

2026 жылдың 15 наурызында республикалық референдум өтетіндігі белгілі. Осыған орай, 2026 жылғы 27 ақпаннан бастап Сізге өзіңіз тіркелген учаскеңізде референдумға қатысуға құқылы азаматтардың тізімінде өзіңіз туралы деректерді тексеруге мүмкіндігіңіз бар. Егер Сіз референдум күні басқа жерде болатын болсаңыз, биылғы жылдың 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін учаскелік референдум комиссиясына өтінішпен қайырылып, есептен шығару куәлігін алуға құқылысыз. Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде де алуға болады.

Есептен шығару куәлігін ұсынған кезде учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру күні азаматты оның болатын жері бойынша учаскедегі тізімге енгізеді. Бірақ, бір елді мекеннің шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейді.

Референдумда әрқайсымыздың дауысымыз маңызды екенін естеріңізге салғым келеді.

 

Серғали АЙДАПКЕЛОВ

Жамбыл облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы.