Аймақ

Әйел – әлемнің шуағы

Бүгінде қазақ қыздары қоғамның барлық саласына еркін араласып, табыстарға қол жеткiзiп келедi. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Халықаралық әйелдер күніне орай еліміздің дамуына үлес қосып, түрлі салада еңбек сіңірген аналарды арнайы мерекемен құттықтады.

Қала тұрғындарының 52 пайызын әйелдер құрайды екен. Кездесуге қалалық ардагерлер мен Қоғамдық Кеңестің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, құқық қорғау, білім, мәдениет, денсаулық, спорт саласының өкілдері, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздары және кәсіпкер әйелдер қатысты.

Жиында қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай, қаланың қоғамдық өміріне тікелей араласып, жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүрген еңбек ардагері, қалалық ардагерлер кеңе сінің төрағасы Күләш Әбдікешова, облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гүлжамал Тажиева, «Жамбыл-Тараз» қалалық газетінің тілшісі Арайлым Шабденова сөз сөйлеп, пікірлерін ортаға салды.

Мереке иелері де өз кезегінде қала әкіміне ризашылығын жеткізді. Жылы лебіздер мен жүрекжарды тілектер айтылған жиында әр салада белсенділігімен ерекшеленген нәзік жандылар марапатталды.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА