Жоспардан тыс тексерудің нәтижесі қалай болды?
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев басқарма тарапынан өткен жылы атқарған жұмыс барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, аталған кезеңде басқарма тарапынан 237 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесінде 160 нұсқама беріліп, 504 әкімшілік іс қозғалған. Оның ішінде 399 тапсырыс беруші, 30 мердігер, 15 жобалаушы, 5 сараптама ұйымы, 2 геологиялық зерттеу ұйымы, сондай-ақ 34 техникалық және 19 авторлық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдың көлемі – 130302809 теңге.